Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Тайиландта өтіп жатқан ITF Men's Circuit сериясында турнирдің жұптық сынында жартылай финалда жарыс жолын тоқтатты.

Жерлесіміз грек елінің өкілі Маркос Каловелониспен бірігіп, тайвандық Су Ю Сю мен жапон Юто Шимидзу жұбынан ұтылып қалды. Қарсыластар 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Матч бар болғаны 47 минутқа созылды.