Криштиану Роналду Оңтүстік Корея чемпионатының Жұлдыздар командасы арасындағы ойында келісімшартқа сәйкес кем дегенде 45 минут ойнауы тиіс еді, бірақ португалиялық ойынша алаңға шықпады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Aljazeera порталына сілтеме жасап.

Көптеген жанкүйерлер кездесуден кейін Мюнган заңгерлік ұйымына алаңға шықпаған Роналдудың үстінен шағым түсірген. Арызданушылар футболшыдан 55 млн доллар талап етіп отыр.

Ойыншының менеджері Криштианудың бұлшықет жарақатына байланысты алаңға шықпағанын мәлімдеген болатын.