Екатеринборда өтіп жатқан «Каменный цветок» турнирінің екінші ойын күнінде астаналық «Барыс» тольяттилік «Лададан» басым түсті.

Бүкіл шайба белгілі бір команданың сандық басымдығы кезінде салынды. Есепті «Лада» алғашқы кезеңнің аяқ жағында ашты.

Алайда үзілістен кейін астаналықтар басымдықты үш рет сәтті пайдаланды – Роман Старченко, Константин Романов және Роман Савченко көзге түсті.

 

«Барыс»  (Астана) – «Лада» (Тольятти) 3:1 (0:1, 3:0, 0:0)

0:1  А. Стрельцов (В. Стрельцов)  17:38, басымдықта1:1  Старченко (Блохин, Руденко)  27:53, басымдықта2:1  Романов (Рымарев, Полищук)  37:04, басымдықта 3:1  Савченко (Старченко, Антропов)  39:05, басымдықта

Қақпашылар: Лацо  Семенов