Қазақстандық көрермендер Еуропа лигасындағы «Астана» мен «Ақтөбенің» матчтарын тікелей эфирден көре алады, деп хабарлайды KAZsport телеарнасының ресми сайты.

«Вильярреал» мен «Астана» арасындағы кездесу бүгін елордалық уақыт бойынша 00:45-те басталады. Бірінші матчта Станимир Стойлов шәкірттері 0:3 есебімен тас-талқан боп жеңілген болатын. Бұл жұпта кімнің жеңімпаз екені анықталса да, «Астананың» көтеріңкі баспен кетуге мүмкіндігі бар.

«Легия» - «Ақтөбе» кездесуі 15 минуттан соң басталады. Бірінші ойында польшалықтар 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Сол кездесуден кейінгі жағдай ақтөбелік жанкүйерлердің ғана емес, Польшадан келген қонақтардың да есінде ұзақ уақыт қалатыны анық.