«Ақтөбе» словакиялық хоккейші Михал Пихнарчикпен келісімшартқа отырды.

28 жастағы спортшы өткен маусымды франциялық «Тоурс» командасында ойнаған. 23 матчқа қатысып 13 (4+9) ұпай жинаған. Айта кетейік, осыдан екі маусым бұрын Пихнарчик павлодарлық «Ертіс» намысын қорғаған еді.