Алматылық «Қайрат» Еуропа лигасындағы жорығын екінші кезеңнен аяқтады, деп жазады Prosports.kz.

Израильдегі бірінші ойын 2:0 есебімен «Хапоэль» Беэр-Шеваның пайдасына шешілген болатын.

Беэршевалық «Хапоэльмен» болған қарымта матчта «Қайрат» тиімді нәтижеге қол жеткізе алмады. Бірінші таймның аяқталуына жақын тұста қорғаушы Раде Дугалич қарсылас айып алаңында қарбаласты пайдаланып, гол соғып, жанкүйерлерге үміт сыйлаған еді.

Үзілістен кейін Елдос Ахметов алаңнан қуылып, команданың келесі кезеңге өту мүмкіндігін жоққа шығарды. Осыдан кейін израилдік команда сол Дугаличтің «көмегімен» есепті теңестіріп, «Қайратты» еурокубоктан шығарып тастады.

Еуропа лигасы. Екінші кезең. Қарымта матч

«Қайрат» - «Хапоэль» - 1:1(1:0)

Гол: Дугалич 40 - Дугалич 63(өз қақпасына)

Алаңнан қуылды: Ахметов 55, Сүйімбаев 90+5

«Қайрат»: Стас Покатилов 27, Елдос Ахметов 2, Ғафуржан Сүйімбаев 5, Исламбек Қуат 7, Георгий Жуков 8, Бауыржан Исламхан 9 К, Еркебұлан Сейдахмет 10, Адеринсола Эсеола 11, Айбол Әбікен 14, Раде Дугалич 20, Дино Миканович 24.

Қосалқы құрам: Владимир Плотников 1, Сергей Политевич 6, Еркебұлан Тұңғышбаев 17, Конрад Вжесиньски 18, Мартон Эппель 19, Небойша Косович 22, Рамазан Оразов 26.

«Хапоэль»: Шеткус 1, Бен Биттон 2 К, Давид Кельтенс 3, Мигел Витор 4, Маруан Кабха 8, Рамзи Сафури 11, Джимми Марин 12, Шон Гольдберг 13, Найджел Хасселбайнк 17, Эден Шамир 18, Лоай Таа 20.

Қосалқы құрам: Оад Левита 21, Нив Зрихан 7, Хосе-Анхель Каррильо 9, Бен Сахар 14, Орен Биттон 16, Амит Биттон 26, Наор Сабаг 55.