Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінде «Ордабасы» чехиялық «Млада Болеславтан» өте алмады, деп жазады Prosports.kz

Чехиядағы алғашқы матч 1:1 есебімен аяқталған болатын. Келесі кезеңге өту үшін шымкенттік командаға өз қақпасына гол өткізбеуі тиіс еді.

Қарымта ойында чехиялықтар жылдам допты соғып алды. 32-ші минутта ресейлік шабуылшы Николай Комличенко есепті еселеп кетті.

Алексей Щеткин үзіліс алдында «Млада-Болеслав» таблодағы көрсеткішті қысқартты. Әйткенмен, екінші таймның басында-ақ қонақтар сапынан Мурис Мешанович мергендік танытты. Абдуллай Диакате «Ордабасының» екінші добын соққанымен, матч аяғына дейін Кахабер Цхададзе жігіттері камбэк жасай алмады.

Еуропа лигасы. Екінші кезең. Қарымта матч.

«Ордабасы» — «Млада-Болеслав» 2:3 (1:2)

Голдар: Матейовски 8 (0:1), Комличенко пенальти 32 (0:2), Щеткин 45 (1:2), Мешанович 47 (1:3), Диакате пенальти 56 (2:3).

«Ордабасы»: 12 Непогодов (В), 7 Малангу, 8 Ерланов, 10 Механович, 19 Быстров, 22 Диакате, 25 Малый, 27 Досмағамбетов, 29 Фонтанельо (К), 39 Бадибанга, 99 Щеткин.

Қосалқы құрам: Шайзада 1, Коробкин 3, Даутов 5, Ковальчук 11, Шамши 14, Жанғылышбай 20, Жоао Пауло 37

«Млада Болеслав»: 33 Шеда (В), 8 Матейовски (К), 9 Ладра, 10 Мешанович, 11 Комличенко, 12 Губинек, 22 Токач, 24 Буха, 25 Марко Тулио, 34 Кржапка, 36 Пудил.

Қосалқы құрам: Стейскал 13, Вагнер 15, Фулнек 18, Ауэр 20, Будински 23, Эвертон 28, Клима 29