Мадридтік «Атлетиконың» жаңа ойыншысы португалиялық Жоау Фелиш «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду сияқты болғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Криштиану Роналду бес рет «Алтын доп» иеленді, бұл жүлде - кез келген футболшының арманы. Әрине, жаңа Роналду болғым келеді», - деді Фелиш.

Жас португалиялық «Атлетико» сапында көзге түсіп үлгерген. Ол «Реал» қақпасына гол соқты.