Беделді Boxingnews24.com басылымы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Деметриус Андрадені жеңсе Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Басылымның мәлметінше, «Канело» Головкиннің орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андрадемен жұдырықтасқанын қалайды. «Егер Головкин америкалық жеңіп, белбеуді иемденсе Альварес үшінші жекпе-жектен қашып құтыла алмайды», - деп жазды басылым.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Деметриус Андраде Геннадий Головкин жекпе-жекке шақырса оны қабыл алып, жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеген еді.