Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Самат Смақов Еуропа лигасында өнер көрсетіп жатқан бұрынғы клубы «Ақтөбе» мен «Астанаға» қолдау көрсетті.

«Мүмкін емес ештеңе жоқ!!! Сәттілік, жігіттер!!!», - деді Смақов Instagram желісіндегі жеке парақшасында.

Естеріңізге салсақ, бүгін түнде қазақстандық клубтар қарымта кездесулерін өткізеді – «Ақтөбе» Польшада «Легиямен», «Астана» Испанияда «Вильярреалмен» кездеседі.