«Ордабасы» футбол клубының қорғаушысы Темірлан Ерланов чехиялық «Млада-Болеслав» клубына қарсы өтетін қарымта матч туралы Prosports.kz сайтына қысқаша әңгімелеп берді.

- Біз бұл ойынға тыңғылықты дайындалдық. Қарсыластың соңғы өткізген матчтарын талдап шықтық. «Млада-Болеслав» - өте жақсы ұжым. Оған алғашқы матчтағы тең есеп дәлел бола алады.

- Ойыншылар алдағы ойынға алақан ысқылап отырған шығар?

- Бәріміз сақадай сай дайынбыз. Командаластарымның барлығы Чехияда барын салды. Ертең тек жеңіс үшін ойнаймыз. Құдай бұйырса, келесі айналымға да өтерміз.

Еске сала кетейік, Еуропа лигасының бірінші ойынында шымкенттік «Ордабасы» «Млада-Болеславпен» тең ойнаған болатын. Қарымта матч 1 тамыз күні Шымкентте өтеді.