Беларусьтік «Шахтер» командасының ойыншысы Валерий Громыко қыста елордалық «Астананың» сапын толықтыруы мүмкін.

Football.by басылымының мәліметінше, 22 жастағы жартылай қорғаушы қыста Қазақстан чемпионының сапына ауысу үшін қазіргі командасымен келісімшартын ұзартудан бас тартқан.

Енді Валерий Громыко маусымның қалған бөлігін «Шахтер» клубының қосалқы құрамында өткізеді.

Айта кетейік, Валерий Громыко «Шахтерден» бұрын тек «Минск» командасында ойнаған. Ал биыл Беларусь ұлттық құрамсының сапында алғашқы матчын өткізді.