Таиландтың Чонбури қаласында индорхоккей (залдағы хоккей) спортынан Азия кубогында еліміздің қыздар және жігіттер құрамасы табысты оралды.

Азия кубогында ел құрамасы сапында қызылордалық спортшылар саны басым болды. Құрама сапында қыздарда Гузал Бахаваддин мен Алиса Чепкасова, жігіттер арасында Нұрхан Сансызбаев, Бақытбек Сəрсенбайұлы жəне Дəулетбек Əлиев сынды саңлақтар ойын көрсетті.

Азия кубогында Қазақстан қыздар құрамасы алтыннан алқа тақты. Екінші орын Таиланд хоккейшілеріне бұйырса, үздік үштікті Өзбекстан құрамасы түйіндеді. Жігіттер арасында біздің құрама екінші орын алса, кубок Иран хоккейшілеріне бұйырды. Малайзия құрамасы үздік үштікке тұрақтады.