Әлемнің ең беделді ұйымы UFC-дің президенті Дэйна Уайт ирланиядық спортшы Конор Макгрегор Абу-Дабуде өтетін турнирде жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін мәлімдеді.

— Өткен аптада Макгрегормен жолықтық. Ол UFC-ге қайтып оралғысы келеді. Әзірге қыркүйектегі турнирдің барысын қадағалап отыр.

Қыркүйекте Нурмагомедов пен Порье жекпе-жек өткізеді. Бірақ біздің бизнесте жағдайдың күрт өзгеріп кететінін жақсы білесіздер. Сол себепті Конор күзде Порьенің орнына шығып қалуы мүмкін», — деді UFC президенті.

Айта кетейік, Конор Макгрегор соңғы рет сегізбұрышта өткен жылдың қазан айында жекпе-жек өткізген болатын. Ол кезде ирландиялық спортшы ресейлік Хабиб Нурмагомедовке есе жіберген еді.