«Барселона» қорғаушысы Жерар Пике сатып алған «Андорра ФК» командасы Испанияның үшінші дивизионында (Сегунда Б) ойнауға мүмкіндік алды, деп жазады

Испаниялық «Реус Депортиво» клубы ойыншылар алдындағы қарыздарын жаба алмағандықтан, төртінші дивизионға жіберілді. Сөйтіп, оның үшінші дивизиондағы орны босатылып, аукционға шығарылды.

Пикеке тиесілі «Андорра ФК» осы орынды алуға өтініш берді.

29 шілдеде Испания футбол федерациясы ресми шешім шығарды. Оған сәйкес Пикенің клубы «Реус Депортивоның» орнын басады. Осылайша, «Андорра ФК» Терсерада (төртінші дивизион) ойнамай-ақ, үшінші дивизионда бақ сынау мүмкіндігін алды.