Кеше, 29 шілдеде «Қайраттың» футзал клубының ойыншылары демалыстарын аяқтап, оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін жиналды, деп жазады Prosports.kz.

Паулу Рикардо Кака шәкірттері Алматыдағы клубтың базасына келіп, жаттығу жұмыстарын бастады.

Командаға жаңадан келгендер - бразилиялықтар Габриэль мен Луизиньо, сондай-ақ Қазақстан құрамасының ойыншылары - Нұрсұлтан Пиялы мен Альберт Акбаликов.