ПСЖ жартылай қорғаушысы Марко Верратти Неймардың клубтан кетуі мүмкіндігі жайлы өз ойын білдірді.

- Ойыншы кеткісі келсе, клуб оны босатуы тиіс. Әрине бәрі клубтың шарттарына сай болуы керек. Алайда командада қалғысы келмейтін футболшыны тұсап ұстаудың қажеті жоқ. Ол кететіндей болса, менің де жабырқайтыным анық, - дейді Верратти.