Отгонцэцэг Галбадрах Халықаралық дзюдо федерациясы жариялаған рейтингіде 6-орынға көтерілді.

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, Галбадрах осыған дейін 10-сатыда болған еді. Загребтегі Гран-при турнирінде қазақстандық дзюдошы жеңімпаз атанып, 700 ұпайға ие болған. Бұл үздік алтылыққа енуге мүмкіндік берді.