Қостанайда еліміздің триатлон спортының үздіктері бас қосты.

Республикалық чемпионатта Қазақстанның әр өңірінен жиналған 50-ден астам спортшы өзара бақ сынады. Жарыс шарты бойынша олар 750 метр қашықтықта суда жүзіп, 20 километр веложарысқа түсіп, 5 шақырымды жүгіріп өтті.

Қатысушылар жас шамаларына қарай бірнеше топтарға бөлінген.

Юрий Гринев, жарыстың бас төрешісі:

– Бұл жарыс – әсіресе триатлонмен енді ғана айналысып жүргендерге, болашақта өмірін осы спорт түрімен байланыстырғысы келетіндерге жақсы бір тәжірибе. Бүгін әуесқойлар да өзара сынға түсті. Осындай үлкен жарыста оларда өз мүмкіндіктерін байқап көрді.