Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнайтын командалар анықталды. Осы аптада Кәрі құрлықтың клубтар арасындағы басты додасының негізгі бөлігіне автоматты түрде өткен 22 командаға плэй-офф кезеңінде қарсыласынан айласын асырған 10 ұжым қосылды.

Осылайша 32 клуб төрт-төрттен сегіз топқа бөлініп, өзара сынға түседі. Азулы құрамалар бір квартетке түсіп қалмас үшін, УЕФА командаларды рейтингіне қарай төрт қоржынға бөлді.

1-қоржын: «Реал», «Барселона», «Бавария», «Челси», «Бенфика», «Атлетико», «Арсенал», «Порту»2-қоржын: «Шальке 04», «Боруссия», «Ювентус», ПСЖ, «Шахтер», «Базель», «Зенит», «Манчестер Сити»3-қоржын: «Байер» Л, «Олимпиакос», ЦСКА, «Аякс», «Ливерпуль», «Спортинг», «Галатасарай», «Атлетик»4-қоржын: «Андерлехт», «Рома», «Лудогорец», АПОЭЛ, БАТЭ, «Марибор», «Монако», «Мальме»  

Естеріңізге сала кетсек, жеребе рәсімі 28 тамызда Монте-Карлода болады. Басталуы Астана уақытымен – 21:45.