Эмантонда өткен UFC 240 турнирінде америкалық файтерлер Джефф Нил (11-2) пен Нико Прайс (13-2-1) кездесті.

Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек екінші раундта Нилдің жеңісімен аяқталды. «Құрыш білекті» деген атағы бар спортшы қарсыласын партерге жатқызып, жойқын соққыларын бағыттады. Нәтижесінде төреші жек-жекті тоқтатты.

Джефф мансабындағы 12 жеңісе қол жеткізді. Прайс болса үшінші мәрте қарсыласына тізе бүкті.