Беделді Boxingnews24.com сайты қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль Альварестің соңынан Сергей Деревянченкомен жекпе-жектен бас тартады деп жазды.

- Әрине, Деревянченко «Канеломен» IBF титулы үшін жекпе-жек өткізгісі келеді, сосын не Головкин не Шереметамен жұдырықтасуы мүмкін. Бірақ Деревянченко Головкин үшін оңай қарсылас емес, оның үстіне қаржы жағынан ұтымсыз.

Егер «Канело» IBF белбеуінен бас тартса, Головкин де солай істеуі әбден мүмкін, - деп жазды басылым.