Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева латвиялық Елена Остапенкомен бірге Юрмала (Латвия) WTA турнирінің финалына шықты.

Воскобоева-Остапенко жұбы жартылай финалда румыниялық Ирина Мария Барэ мен словениялық Далила Якуповичпен кездесіп, 7:6, 6:2 есебімен жеңічке жетті.

Финалда Воскобоева мен Остапенко финалда канадалық Шэрон Фичмен мен сербиялық Нина Стояновичпен бас жүлдені сарапқа салады.