Нанкиндегі ІІ жасөспірімдер Олимпиадасының соңғы күнінде Мұхамед Қуатбек еркін күрестен қазақстандық спорт тарихындағы Олимпиада чемпионы атанды.

Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясы хабарлады. Дереккөздің мәлімдеуінше, 54 келіге дейін салмақ бойынша сынға түскен Қуатбек ресейлік Әмірхан Гуважоковты 6:3, Вахинак Мативосянды (Армения) 3:0, Брам Ричардсті (Жаңа Зеландия) 10:0 және Элизер Ауларды (Венесуэла) 12:1 есебімен жеңді. Ал финалда қазақстандық балуан америкалық Датон Фикспен кездесіп, 7:6 есебімен басым түсті.