Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден финалдық бәсеке аяқталды.

Ақтық сынға жолдама алған қазақстандық Дмитрий Баландин жетінші орыннан көрінді. Ол аталған қашықтықты 2 минут 08.25 секундта жүзіп өтті.

200 метрге брасс әдісімен жүзуден әлем чемпионы атағын ресейлік Антон Чупков еншіледі. Ол әлем рекордын орнатып, 2:06.12 уақыт көрсетішінде мәреге жетті.

Күміс жүлдені австралиялық Мэтью Уилссон, қола медальді жапониялық Иппэй Ватанабе жеңіп алды.

Айта кетелік, Дмитрий Баландин Олимпиада ойындарына дайындықты енді бастады. Рио Олимпиадасының чемпионы Қазақстан ҰОК арнайы жобасы аясында әйгілі америкалық маман Дэйв Салоның қоластында, АҚШ-та жаттығуда.