Бүгін IBF ұйымының Спрингфилдтегі штаб-пәтерінде Сауль «Канело» Альварес пен Сергей Деревянченконың жекпе-жегі бойынша бәссауда өтеді.

Егер ІBF белбеуінің иегері «Канело» бұл жекпе-жекті өткізуден бас тартса, титулға міндетті үміткер украиналық боксшы рейтингіде үздік тұрған Геннадий Головкин белбеуді сарапқа салады.

Сауль Альварес DAZN жүйесімен келісімшарты бойынша келесі жекпе-жегін Головкин не Сергей Ковалевтың бірімен өткізу қажет. Осы себепті мексикалық боксшы IBF белбеуінен бас тартады деген болжам бар.

Бұған дейін Геннадий Головкин де Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізгісі келмейтіні туралы ақпарат шыққан еді.