«Реалдың» жартылай қорғаушысы Дани Себальос «Арсенал» сапына ауысты, деп жазады Prosports.kz.

Испаниялық футболшы «зеңбірекшілер» қатарында жалда ойнайды. Келісімшарт мерзімі 2020 жылдың 30 маусымына дейін.

22 жастағы футболшы өткен маусымда «патшалық клуб» жейдесінде 34 матчқа қатысқан. 3 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген екен.