Камерундық жартылай қорғаушы Кларенс Битанг «Қайсар» футбол клубының жейдесін киді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің жазуынша, ойыншы жаңа командасында 85-ші номермен өнер көрсетеді.

26 жастағы футболшы өткен маусымда Солтүстік Македонияның «Вардар» клубында өнер көрсетті. Аталған елдің чемпионатында 42 матчқа қатысып, 3 нәтижелі пас шығарды.

Кларенс Битанг(Clarence Junior Bitang)Алаңдағы орны: Жартылай қорғаушыСоңғы клубы: «Вардар» СкопьеАзаматтығы: КамерунТуған күні: 02.09.1992Жасы: 26Бой биіктігі: 168 см