Шайбалы хоккейден Қазақстанның ашық чемпионатына Ташкенттің «Хумо» клубы қатысады.

Бұған дейін Самарқандтың «Шердор» командасы ел біріншілігінде сынға түсетіні айтылған болатын. Алайда Самарқандтағы хоккей кешені жаңа маусымға дайын емес. Сондықтан Өзбекстан өзге командасын Қазақстан чемпионатына қосты.