Қазақстандық теннисші US Open-2014 турнирінің екінші айналымына оңай өтті.

20 жасар Зарина Диас украиналық Леся Цуренконы 6:1, 6:2 есебімен қапы қалдырды. Теннисшілер арасындағы өзара екінші кездесу 1 сағат, 10 минутқа созылды, алда Зарина – 2:0.

Келесі кездесуде Диастың қарсыласы словакиялық Доминик Цибулкованы күтпеген жерден турнирден ұшырып жіберген жас америкалық Катрин Бэллис болады.