Қызылордалық «Қайсар» камерундық жартылай қорғаушы Кларенс Битангпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің ақпаратына сенсек, ойыншымен келісімшарт осы маусымның соңына дейін жасалған. Алайда виза мәселесіне байланысты Кларенс жаңа командасына алдағы турдан кейін ғана қосыла алады.

26 жастағы футболшы өткен маусымда Солтүстік Македонияның «Вардар» клубында өнер көрсетті. Аталған елдің чемпионатында 42 матчқа қатысып, 3 нәтижелі пас шығарды.

Кларенс Битанг(Clarence Junior Bitang)Алаңдағы орны: Жартылай қорғаушыСоңғы клубы: «Вардар» СкопьеАзаматтығы: КамерунТуған күні: 02.09.1992Жасы: 26Бой биіктігі: 168 см