Туриндік «Ювентустың» шабуылшысы Криштиану Роналду команданың жаттығу кезінде тәртіп сақшысына «тап берді».

Жаттығу кезінде бір жанкүйер алаңға жүгіріп шығуға тырысқан. Алайда, полицейлер оны әп-сәтте ұстап алды. Осы кезде португалиялық жұлдыз қалжың ретінде тәртіп сақшысына тұра ұмтылған. Әріптестері мен жанкүйерлері күлкіге қарық болғанымен, қызмет бабындағы полицей басқаша түсініп Роналдуды сабырлыққа шақырды.