Премьер-лигадағы «Эвертонға» қарсы матчта жарақат алып қалған «Арсеналдың» шабуылшысы Оливье Жиру үш айдай алаңға шықпауы мүмкін.

«Канонирлерді» жеңілістен құтқарып қалған Жирудің 90-минутындағы голы кезінде (матч 2:2 есебімен аяқталды) шабуылшы тобығын ауыртып алды.

Егер тексеріс кезінде тобығы сынғаны анықталса, футболшыға айығу үшін үш айдай уақыт керек, деп хабарлайды Sky Sports агенттігі.