Новокузнецктік «Металлург» жаңа фарм-клубы «Казцинк-Торпедо» сапына екі жас ойыншысын жіберді, деп хабарлайды өскемендік клубтың ресми сайты.

Әңгіме 18 жасар ресейлік қорғаушы Кирилл Щукин мен 21 жастағы белорустьтік форвард Алексей Скабелка туралы боп тұр. Екі ойыншы да Тюменьдегі «Рубиновый кубок» турниріне қатысатын торпедолықтарға келіп қосылды. Олар 27 тамызда красноярсктік «Соколға» қарсы кездесуге қатысады деп жоспарлануда.