Биатлоннан Қазақстан ұлттық құрамасы Ақмола облысының Щучинск қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

Жиын шілденің 15-28 аралығына жоспарланған.

Жиын барысында биатлоншылар жүгіруге, төзімділікті шыңдап, физикалық күшті арттыратын жаттығуға көп көңіл бөлуде.

Қазақстан әйелдер командасының тізімі: Галина Вишневская, Елизавета Бельченко, Людмила Ахатова, Евгения Красикова, Анастасия Кондратьева.

Қазақстан ерлер командасының тізімі: Владислав Витенко, Дастан Делдеш, Роман Еремин, Сергей Сирик.

Спортшылар 2019/2020 жылғы маусымға дайындалуда.