25 тамыз күні Алматы қаласында I жазғы Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Спартакиаданың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды 24.kz сайты.

Жарыс тамыздың 28-не дейін жалғасады, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен. Елімізде алғаш рет өткелі отырған Жазғы спорт түрлері бойынша сурдлимпиадалық спартакиаданы ұйымдастырушы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өкілі Бекболат Байжанов пен Мәскеу олимпиадасының чемпионы, даңқты палуа  Жақсылық Үшкемпіров ашты. 

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Жыл сайын жалпы алғанда, мүгедектер арасындағы спорт түрлерінен 40-тан аса ел чемпионаты өткізіледі. 2011 жылы Қазақстанның Сурдлимпиялық комитеті құрылды. Ол еліміздегі есту қабілеті төмен мүгедек спортшыларды халықаралық аренада мүддесін қорғайды.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатыңдардың саны (2013 жылғы қорытындысы бойынша, 18 220 (8,7%) адам, 2012 жылы 16 643 (8,3%) артып келеді. Бүгінгі таңда Республикада мүгедектерге арналған 8 спорт клубы бар.