Биылғы жылдың сәуір айында стрип-клубта болған оқиға үшін UFC чемпионы Джон Джонсқа қамауға алу ордері жіберілген екен.

Нью-Мексико KRQE News 13 жаңалықтар арнасының хабарламасына сәйкес, Джонсты тұтқынға алу ордері UFC 239 басты оқиғасында, яғни Тиаго Сантоспен жекпе-жекке шығатын күннен бұрын жазылып берілген.

Джонс әдепсіз мінез-құлық танытты деп айыпталып отыр. Болжам бойынша, оқиға осы жылдың сәуір айында Eubank стрип-клубында орын алған. Полицияға даяшы қыз шағымданған. Оның айтуынша, Джонс оған тиіскен. Тіпті, қылғындыруға тырысқан. Қыз полицияға шағымданып, құқық қорғау орындары оны тұтқындауға ордер жазып берді.

Сот материалы бойынша, Джонсқа маусым айында тұтқындауға ордер жіберілгенімен, ол сотқа келмеген.

Джонс өкілі телеарнаға: "Бүгін біз БАҚ-тан Джонс әділетсіз айып тағылғанын білдік, бірақ хабарлама басқа мекенжайға жіберілген. Құжаттарды өз бетімен алып, Джонс кепіл төледі. Ол және көптеген куәгерлер өтірікті жоққа шығаруға дайын".

Өткен жексенбіде кепіл төленгеннен кейін ордердің күші жойылған екен.