Елордалық «Астана» Еуропа лигасының ықтималы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші кезеңде «Астана» андорралық «Санта-Коломаға» қарсы ойнайды. Ал, үшінші кезеңге жолдама алса венгриялық «Ференцварош» немесе мальталық «Валлетта» клубтарының бірімен кездеседі.

Айта кетейік, «Астана» Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде румыниялық ЧФР-ға қос матч қорытындысы бойынша жол беріп, Еуропа лигасынына түсіп қалған болатын.