Италия құрамасының шабуылшысы Марио Балотелли «мерсисайдтықтар» сапына қосылды, деп хабарлайды англиялық клубтың ресми сайты.

Марио Балотелли «Ливерпульмен» төртжылдық келісімшартқа қол қойған. Трансфер құны 20 миллион евроны құрайды. Әзірше өзге ақпараттар әлі белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, Марио 2013 жылы италиялық «Милан» сапында өнер көрсеткен.