«Тур де Франс» көпкүндігінің он бесінші кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Шабандоздар Лимадан Фуаға дейін жарысқан. Кезең 185 шақырымды құрады.

«Mitchelton-Scott» командасының өкілі Саймон Йейтс бұл кезеңде қарсылас шақ келтірмеді. Екінші орынға франциялық Тибо Пино («Groupama - FDJ») жайғасты. Үздік үштікті «Movistar Team» командасының намысын қорғайтын Микель Ланда түйіндеді.

«Астана» сапынан даниялық Якоб Фульсанг 14-ші болып мәре сызығын кесті.