Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан су добынан әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы алғаш рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандастарымыз Оңтүстік Корея құрамасын 17:4 (4:1, 4:2, 7:0, 2:1) есебімен жеңді.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңде АҚШ, Аустралия және Хорватия құрамаларына есе жіберген болатын.