70 келіде күресетін қазақстандық балуан Евгений Поливадов Нанкиндегі жастар Олимпиадасында қол медаль қанжығалады.

Бұл туралы Қазақстан күрес Федерациясы мәлімдеді. Алғашқы кездесуінде Поливадов мысырлық Омари Ибрахимді жеңді, ал келесі айналымда Исламбек Дадовқа (Әзірбайжан) жол берді. Ал үшінші орынға талас барысында неміс Каран Мосебакуді 3:1 есебімен тізе бүктірді.