Шотландияда өтетін 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі аясындағы Англия - Испания кездесуінің төрешілері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл матчтың бас төрешісі қазақстандық Эльвира Нурмустафина. Ал оған қос қапталдан Александра-Теодора Апоста (Румыния) мен Камилла Стендаль (Швеция) көмектеседі. Қосалқы төреші - Христиана Гутева (Болгария).Англия WU-19 — Испания WU-19 матчы Шотландияның Стерлинг қаласында өтеді.