Латвияның Биатлон федерациясының президенті және Халықаралық биатлоншылар одағы басшысының лауазымына кандидат Байба Брока пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

43 жасар Брокаға €20 мың көлемінде пара алды деген күдік тағылуда. Қаражат Латвияның Биатлон федерациясы тарапынан қайырымдылық қаржы ретінде тіркелген.

Сонымен қатар, Брока – Рига думасының депутаты және Латвия университеті ректорының орынбасары. Жоғары оқу орны оны тергеуге байланысты міндеттерінен босатты.