UFC-дің беткеұстар файтері Дональд Серроне кезекті жекпе-жегін қыркүйекте өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

15 қыркүйекте амиерикалық файтер Ванкуверде (Канада) өтетін UFC Fight Night 158 турнирінде Джастин Гэйтжимен кездеседі.

36 жастағы Серроне соңғы рет октогонға бір ай бұрын шыққан болатын. Екінші раундтың аяғында Фергюсоннан қатты соққы алған Серроненің оң көзінде гематома пайда болып, дәрігерлер айқасқа шығуға тыйым салды. Осылайша, Фергюсон техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

UFC 238: Фергюсон Ковбойды жеңді