Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіндегі «Астана» мен испандық «Вильярреал» арасындағы алғашқы кездесуді тамашалауға 27 500 көрермен келді, деп хабарлайды елордалық клубтың ресми сайты.

Бұл елордалық клуб тарихындағы ең үлкен көрсеткіш. Екінші орында 16 200 көрермен жинаған «Астана» мен швециялық «АИК» арасындағы матч. «Ертіске» қарсы өткен 2012 жылғы Қазақстан Кубогының финалына 11 500 адам келген.

«Астананың» ең көп көрермен жиналған бес матчы:1. 27 500 «Астана» - «Вильярреал» (21.08.2014);2. 16 200 «Астана» - АИК (21.07.2014);3. 11 500 «Астана» - «Ертіс» (11.11.2012);4. 10 800 «Астана» - «Хапоэль» (17.07.2014);5. 9000 «Локомотив» - «Ақтөбе» (31.03.2011), «Астана» - «Шахтер» (13.08.2011), «Астана» - «Ақтөбе» (27.10.2013), «Астана» - «Шахтер» (14.11.2010).