«Реалдың» форварды Гарет Бэйл өзі ойнайтын клубтан еркін агент ретінде жіберуін өтінді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. Бэйлдің агенті «корольдік клуб» басшылығынан ойыншы еркін агент ретінде жіберуін сұрады. Оның «Реалмен» келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін есептелген. Гареттің жылдық табысы 14 млн еуроны құрайды. Агент футболшы ауысатын клубтан трансфер құнын төлемейтіндіктен, сол жалақыны сұрап отыр.Ағымдағы маусымда мадридтік клуб сапында шабуылшы 42 матч өткізіп, он төрт гол соқты және алты нәтижелі пас берді.