Гренболь қаласында өткен «Турнуа де Вожани» додасында қарағандылық «Сарыарқа» жеңімпаз атанды.

Финалдық кездесуде қарағандылықтар франциялық «ГАМИО-мен» кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Өткен екі кездесуде  «Сарыарқа» қарсыластарын жерге қаратып кеткен болатын. Алдымен жергілікті команданы қосымша уақытта жеңсе, сосын «Лионды» 7:1 есебімен тас-талқан етті.