Ақтау қаласында ұлттық спортымыздың бір түрі – жекпе-жектен турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды kazsporttv.kz сайты.

«Қазіргі таңда ұлттық спорт қарқынды дамуда. Жекпе-жек спортына ушу саньда, панкратион, кикбоксингтің ережелері алынды. Біз жастарға төбелес тек ринг алаңында болу керек екенін айтамыз. Өз қарсыласыңды құрметтеу керек», - дейді Арман Әбілдә.

Бұл жекпе-жектен Қазақстан чемпионатына іріктеу жарысы. Бірінші және екінші орын алған спортшылар Қазақстан чемпионатына жолдама алады.