Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев Мерке ауданының әкімі Мейірхан Өмірбектің қолынан жүлде алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Естеріңізге салсақ, Мадияр Әшкеев кәсіпқой бокста 13-жеңісіне қол жеткізген болатын.

Мерке ауданының әкімі боксшыны құттықтап, оған «Жамбыл облысы алдындағы еңбегі үшін» наградасын табыстады.

Атақты боксшы өз марапатын туған жері Мерке мен оның тұрғындарына арнады.